2030 жылға қарай Шымкент әуежайынан жылына 3 миллион жолаушы ұшпақ

Аймақ
30.11.2017, 01:04

ОҚО-да жолаушылар хабы құрылысының жобасы бүгінгі заман талабынан туындаған жоба ретінде бағалай отырып, әкімдік тарапынан әуежайдың аумағын кеңейту, инфрақұрылым құрылысы мен автомобиль жолдары жүйесін жолаушылар ағынына сай дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарды жеткізді. Бұдан бөлек, аймақ басшысы туристік әлеуеті мол өңірде екінші темір жол вокзалын салу жайы мен Ташкент-Түркістан бағытында  темір жол қатынасын дамытуды ұсынды.Аэропорт-Шымкента

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасында басымдықты миллион тұрғыны бар Алматы мен Шымкент қалалары дамыту хабы ретінде қарастырылған. Осы қалалардың дамуы Алматы мен Шымкент агломерациясын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары аясында жүзеге асырылады.

Бағдарламада Шымкенттегі әуежай хабының құрылысы қарастырылған. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан әуе айлақтарының бірі болып табылады. 2014 жыл мен 2016 жылды салыстырғанда жолаушылар тасымалының өсуі 40% -дан асады. Lufthansa Consulting Gmbh компаниясы әзірлеген әуежайдың даму стратегиясына сәйкес 2030 жылға қарай трафик көлемі жылына 3 млн адамға жетеді. Шетелдік авиакомпаниялар осы облыстан Үрімші, Киев, Дели, Дубай Тегеран, Пекин, Прага бағыттары бойынша рейстер ашуға қызығушылық танытуда.

Сұхбат

PhotoRoom