Бәйдібекте 16,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

Аймақ
04.12.2017, 23:40

Бәйдібек ауданында ұсақ шаруашылықтарды кооперативке біріктіру ісі алға басқан. Соның нәтижесінде аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып, жерді игеруде жетістік бар. Мәселен, биыл аталған ауданда 16,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар артығымен орындалды. Көрсеткіштің жақсаруына аудандағы ірі шаруа қожалықтарының қосқан үлесі зор.20170710014908047_big

Бірлік арқасында тындырымды тірлік атқаруға болатынын «Нұрсұлтан АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері алғаш сезді. Бүгінде серіктестіктің 5000 гектар жері бар. Тиімді игеріп отыр. Енді өздеріне тиесілі өнімді сақтап, оны қажетті кезде нарыққа шығаруды қолға алмақшы. Ол үшін қазір сыйымдылығы 2 мың тоннадан асатын қойманың құрылысы жүргізілуде. Айта кетерлігі, ол жерде азық-түлік өнімдерімен қатар, тұқымдық дәндерін де рәсуа етпей ұстауға болады. Бүгінде Бәйдібек ауданында 1800-дей шаруа қожалығы бар. Елдегі ұсақ шаруаларды біріктіру бағдарламасының нәтижелі жүзеге асуының арқасында солардың 300-і 24 кооперативке кіріккен. Енді қалған қожалықтардың басын қосу үшін табысын еселеген шаруашылықтар әріптестеріне арнап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Өйткені, саусақ біріксе, ине ілігетініне көз жеткен.

Статистикаға сүйенсек, осы жылы ауданда 90 мың гектардай жерге соқа тиген. Оның 37 мың гектарына дәнді-дақылдың тұқымы себілсе, 41 мыңына майлы дақылдар егілген. Ал, қалған жерге мал азығына қажетті өсімдіктер мен мақта, бақша дақылдары себілді.

Сұхбат

PhotoRoom