ОҚО-да 60-тан астам сүт өндiрушi агроқұрылым бар

Аймақ
10.12.2017, 09:33

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасының 60-қадамында «Сүт және сүт өнiмдерi өндiрiсiн дамыту үшiн стратегиялық инвесторлар тарту. Негiзгi мiндет: үш жыл мерзiмде ТМД елдерi нарығына шығарылатын өнiмдерiнiң жартысына дейiнгi экспортын қамтамасыз ету» деп көрсетiлген. 6456Бұл мiндеттi орындау үшiн сүт қабылдау бекеттерiн көбейтумен қатар сүттi сиыр тұқымын асылдандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру керек. Осыны жете түсiнген бiрқатар сүт өндiрушi компаниялар Қазақстанды былай қойғанда, шетелден де асыл тұқымды сиырлар сатып әкелуде. Бүгiнде облыста 60-тан астам iрi, орта және шағын сүт өндiрушi агроқұрылым бар болса, соның алтауы – iрi кәсiпорындар. Мәселен, Арыс қаласындағы «Қазына жер LTD» ЖШС 2013 жылы Канададан 389 голштин тұқымды сүттi сиыр сатып алды. Бүгiнде мал саны 890-нан асты. Оның 700-ге жуығы – аналық. Мамандардың айтуынша, мұнда әр сауын сиырдан күнiне орташа есеппен 25 литрден сүт алынады. Ал, Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС Венгриядан асыл тұқымды 272 iрi қара сатып алып, жаңа технология бойынша әр сиырдан орта есеппен 30 литрден сүт алуда. Сарыағаш ауданындағы «Фирма Сәкен» ЖШС, Сайрамдағы «Гүлжәмила» ЖШС, Түлкiбастағы «Дос би» ЖШС және Төлеби ауданындағы «Атамекен НАН» ЖШС-iнде де сүттi сиырлар бар.

Сұхбат

PhotoRoom