Кәсіпорын бұлақ суын кәдеге жаратады

Аймақ
13.12.2017, 17:48

Бизнеспен шұғылдануға келгенде, қалалықтарға қарағанда, ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Мәселен, ресми тіркелген жеке кәсіпкерлердің 726 мыңы ауылдық жерлерде тұрса, 564 мыңы ғана қалада ісін дөңгелеткен. Осы орайда үлкен шаһар тұрғындарының 15,4 пайызы ғана өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Өзгесі жалдамалы қызметте. Ал, еңбекке жарамды ауыл халқының 39 пайызы нәпақасын жеке кәсібінен табады.5a78e7cc368b5098329a778cd7b9e808-460x260

Қайрат Жолдыбаев Тұрбат ауылында тұрады. Тірлігі тиянақты, бағдары бекем кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отыр. Газдалған сусын шығаратын шағын цехы бар. Табысы жаман емес. Қазір өндірістің аумағын кеңейтіп жатыр.

Кәсіпорын бұлақ суын кәдеге жаратады. Су алдымен механикалық тазартудан өтеді. Аудан тұрғындарының ағзасына тапшы йодпен, магний элементтерімен байытады.  Кәсіпкер  өндірістік процесті іске қоспас бұрын нарықты зерттеді. Содан барып, бағасы ел қалтасына қонымды, пайдалы сусын шығаруды бастады.

Кәсіпорында 11 жұмыс орны ашылған. Жұмысшылар - жергілікті тұрғындар.

Жеңілдетілген несие алған келесі кәсіпкер - Әбдібек Бөрібаев. Оның иелігінде 8 соттық жылыжай бар. Бұрын мұнда қызанақ пен қияр, түрлі дәмдеуіш өсірген. Бірақ бұл іс қолды болмады. Уақыт пен ерекше күтімді қажет етті. Шаруа  лимон өсіруге бел байлады.  Қазір жылыжайдағы ағаштар жеміс салып тұр.

Жылыжайда лимонның  3 сорты бар. Олар - «Ташкент лимоны»  «Юбилейный», үшіншісі  «Мейір»  деген түрлері. Барлығы да өнімді көп береді. Экзотикалық жеміс облыс аумағынан бөлек, Алматы, Астана қалалары мен Солтүстік, Батыс Қазақстан облыстарына  да жеткізіледі.

Сұхбат

PhotoRoom