Оңтүстікте «ҚазАгро» ұлттық холдингі қаржыландырған 47 жоба сәтті жүзеге асуда

Аймақ
15.12.2017, 01:59

Қазіргі кезде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қаржыландыруы бойынша республикалық агроөнеркәсіптік кешенінде жалпы құны 316,6 миллиард теңге болатын 516 инвестициялық жобасы жүзеге асты. Ал, түстік облыста 32 миллиард теңгеден астам қаражаттың 57 жобасы бар. Соның 47-сі бүгінде пайдалануға берілді.агро

Жүзеге асқан 47 жоба аясында оңтүстік өңірінде 1417 жаңа жұмыс орны ашылды. Өңірдегі ірі жобалар қатарында «Оңтүстік Құс», «Аделя», «Қазына жер LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Айта кету керек, ағымдағы жылы «ҚазАгро» холдингі тарапынан облыс бойынша 5 миллиард 591 миллион теңге көлемінде несие серіктестіктері қаржыландырылды. Бұл - қарқынды қозғалыс.

«ҚазАгроның» инвестициялық бағдарламасы ауыл шаруашылығы бағытында... ауқымды істердің икемделеуіне септігін тигізіп отыр. Ірі тауарлы сүт фермалары, бордақылау алаңдары, жылыжай кешендерінің құрылысы осы қордың көмегімен қаржыландырылуда. Серпінді жоба Арыстағы Ақдала ауылында жүзеге асты.  «Қазына жер LTD»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасының қазіргі жұмысы қарқынды.

Бүгінде құны  2 миллиард теңге тұратын жоба толық қуатында жұмыс істеп тұр. Германия елінің озық үлгідегі өндіріс технологиясымен жабдықталған. Бір тиімдісі, фермада бар-жоғы 3 сауыншы ғана жұмыс істейді. Олар компьютерлік құрылғының көмегімен көп уақыт шығындамай 600 сиырды бір-ақ сауатын болды. Сөйтіп, тәулігіне  әр сиырдан орта есеппен 28 литрден сүт саууға қол жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom