«ОҢТҮСТІК» АИО ОБЛЫСТАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ДАМЫТПАҚ

Аймақ
15.12.2017, 02:23

«ОҢТҮСТІК» АИО және Сингапурлық инвестициялық компания арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты «ОҢТҮСТІК» АИО жобаларына шетел инвестицияларын тарту және экспорттық әлеуетін дамыту болып табылады.IMG_1289

Сингапурдың инвестициялық қорларының атынан жұмыс жүргізетін компания Таиланд, Монғолия және басқа да Азия елдерінде инвестиция тарту бойынша айтарлықтай тәжірибеге ие. Осы орайда, ынтымақтастық, жетекші инвестициялық қорлардың халықаралық қаржы ресурстарына қол жеткізуі үшін компаниялардың қаржылық дайындығының деңгейін кезең-кезеңмен дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қарызды қаржыландыру және/немесе үлестік қатысу арқылы компанияны қаржыландыру және де Шымкентте Халықаралық инвестициялық хаб құру мүмкіндігі қаралуда.

Жалпы алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысы жаңа қаржы көздерін дамыту бойынша ең белсенді әрі жетекші бизнес орталығы болып табылады.

Осының аясында Меморандумның шарттарын іс жүзінде жүзеге асыру шеңберінде шетелдік инвесторларға таныстыру үшін ОҚО-ның 100 бизнес және әлеуметтік жобасын, сондай-ақ, жобаларды іске асыру үшін стратегиялық әріптестерді таңдау және т.б. жоспарлануда.

Айта кету керек, «RIC ON EXPORT» экспорттық әлеуетті дамыту бағдарламасының аясында АИО және сингапурлық инвестор тарапынан ОҚО-ның экспортталатын өнімдеріне Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан сұранысқа ие жобаларға инвестиция салу мәселесін зерттеу жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom