Сайрамда жылына 4 мың комплект жиһаз шығаратын фабрика жұмыс істеуде

Аймақ
15.12.2017, 02:46

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы жаңа фабрика іске қосылды. Құны 506 млн теңге болатын жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алған. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.  Мұндағы өнімнің сапасы жоғары сапалы неміс және итальяндық жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, фабрика өнімдері сапа менеджменті мен экологиялық таза деген сертификатпен расталған. 451d297cd7a9798505c06b721c3caeec_XLБұдан бөлек, өндіріс орны итальяндық дизайнерлердің қатысуымен экологиялық таза материалдарды және сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынбақ. «Bella Mebel» тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдерін алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы жиһаз дүкендерінен сатып алуға болады. Жалпы Сайрам ауданындағы өнеркәсіп құрылымының 86 пайызын өңдеу өнеркәсібі құраса, оның ішінде жиһаз шығару саласындағы үлесі 1 пайызды ғана құрайтын. Осы ретте, ауданда ашылып отырған жиһаз шығаратын фабрика өнім көлемін 600 млн.теңгеге дейін арттырып, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3 пайызға дейін артпақ.

Сұхбат

PhotoRoom