Кооперативке біріккен түйе шаруашылығы шұбаттың көлемін ұлғайтты

Аймақ
15.12.2017, 02:52

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында түйе шаруашылығымен айналысатын Дермене және Жиделі атты екі ауылдық округ бар. Соның бірі 150 отбасы тұратын Саналы елді мекені. Қымыранның кені деп айтылатын ауыл тұрғындары 2 мыңға жуық үйіргерлік шаруашылықта түйе ұстайды. Осы ауылдан күніне 1000 тонна шұбат дайындалып, қаладағы мейрамханаларға тасымалдануда. Бүгінде шұбат өнімін көбейтіп, табыс көзін арттыруды көздеген шаруалар «Желмая» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп отыр.8f748976c37a319de702e0a0ee973e61

Өндірістік кооператив түйе сүтін өндірумен айналысады. Мұнда күніне 1500 тоннаға дейін шұбат өндіріледі. Олар бөтелкелерге құйылып дайын шұбат өнімі Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберіледі. Бұл қожалықта сауынды сексен түйе бар. Күніне 1000 литрге жуық шұбат алады. Мұнда он адам еңбек етіп, нәпақасын тауып келеді. Аталған кооператив алдағы уақытта түйе санын көбейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Жантағы мол түйе өсіруге өте қолайлы елді мекендегі түйелердің көбі бір өркешті. Ойсылқараның бұл тұқымы сүтті әрі етті келеді екен. Арыс қаласы бойынша осы жылы 239 мүшесі бар 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Сондай-ақ,  шұбат өндіруде потенциялы жоғары кооперативке алдағы уақытта модульдік сүт қабылдау бекеті кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге беріледі Яғни, әр бекет құнының 50 пайызын (2,5 млн теңге) субсидия ретінде мемлекет төлейді.

Сұхбат

PhotoRoom