Шымкентте жылына 500 мың тонна металл бұйымдарын шығаратын зауыт салынуда

Аймақ
15.12.2017, 03:09

Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» индустриялды аймағында жаңа зауыттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш зауыт келер жылдың басында іске қосу жұмыстары жоспарлануда.

«Амир-А» ЖШС-нің директоры Айман Амирбекованың айтуынша, құны жеті миллиард 11 млн теңге болатын металлургиялық зауыттың құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.451ad783554f7f3691069742672d8c22_XL

Жылына бес жүз мың тонна металл бұйымдарын шығаруға қауқарлы өндіріс орны іске қосылғанда 260 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» индустриялды аймақта жалпы сомасы 55,8 млрд теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылып отыр. Оның бүгінде құны 21,4 млрд. теңге болатын қырық алты жобасы іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

Айта кетейік, шағын және орта бизнес субъектілері өткен жылы 900,6 млрд теңгенің өнімін шығарып, былтырғы көрсеткіштен 6,1%-ға көбейді. Облыстың ішкі жалпы өнімі көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 22,9 пайызды құрап отыр.

Сұхбат

PhotoRoom