«Ордабасы нан» кәсіпорны Қытай мемлекетіне ұн шығармақ

Аймақ
15.12.2017, 03:20

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы нан» ЖШС-i тәулiгiне 200 тонна ұн шығарса, биыл диiрменнiң өндiрiс қуаттылығы екi есеге ұлғайтылған.

Бүгінде тәулігіне жалпы көлемі 450 тонна ұн өндіретін негізгі екі диірмені бар кәсіпорын. Сонымен қатар, кәсіпорын «Бизнестiң жол картасы – 2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында «Даму» кәсiпкерлiктi қолдау қоры арқылы 470 миллион теңге қаржыны несие алған.f11a6d44839717be472e282e358dc0ab_XL

Аталмыш кәсіпорын бидайды Қазақстанның барлық өңiрiнен сатып алуда. Кәсiпорын ұнға деген iшкi сұранысты өтеп қана қоймай, Өзбекстан мен Ауғанстанға экспортқа шығаруда. Алдағы уақытта ҚХР-ға да жiбермек. Мұнда үш ауысымда жергiлiктi 104 тұрғын еңбек етуде. «Ордабасы Нан» компаниясы жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұнның түрлерін өндіреді. Компания нарықта 8 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан, аймақтағы ең ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Зауыт аумағы 4 гектардан астам алаңды қамтып жатыр. Кіре берісте шикізатты, сонымен қатар шығуда дайын өнімді зерттеуге арнайы тағайындалған зертхана жұмыс істеп тұр.

Сұхбат

PhotoRoom