ЖАМБЫЛДЫҚ МЕЦЕНАТТАР КӨМЕГІМЕН 2,7 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

Жаңалықтар
04.10.2018, 15:07

Тарихтан көптеген Атымтай жомарттардың есімін білеміз. Шежірелік деректерге зер салсақ, олар өздерінің көмегін көбінісе білімге жұмсаған. Оқу орындарын ашып, мектеп-медреселер тұрғызып, халықтың оқу-ағарту ісіне үлкен еңбек сіңірген, яғни олар білімге қолдау көрсету арқылы ұлт болшағының негізін салған.

Туған өлкеге деген сүйіспеншілік арқылы Елбасының «Руxани жаңғыру» бағдарламалық аясында белгіленген негізгі мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа серпін беріп, ғылым-білім, өнер, денсаулық сақтау, спорт салаларындағы азаматтық бастамаларды күшейтуге ықпал жасап, қайырымдылық жасаудан жалықпаған жомарт жандар бүгін де бар. Кіндік қаны тамған ауылына миллиондаған қаржы салып, әлеуметтің еңсесін көтеріп, елдің алғысын арқалап жүргендер де қаншама.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 119 жоба және 73 іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Оған 3 млрд. 50 млн. теңге жұмсалмақ. Бұл қаражаттың 90 пайыздан астамы меценаттардың есебінен болып отыр. Әсіресе әлеуметтік нысандарға басымдық берілген. Өңірде жыл басынан бері осындай 30 нысан пайдалануға берілді. Оның 8-і спорттық, екеуі мәдени, 17-сі абаттандыру нысандары мен екеуі балабақша. Жыл соңына дейін жалпы құны 1 миллиард теңгенің тағы 15 жобасы іске асырылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін облыста 80-ге жуық қалталы азамат «Туған жерге туыңды тік!» акциясына қатысуға ниет білдірген.

Берік Уәли, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының берген сұхбатында:

-«Кіші жоба, үлкен жоба жоспарланған. Соның 73 шарасы жүзеге асырылған. Қалған шаралардың барлығы жыл аяғына дейін іске аспақшы. Бізді қуантатыны, осыншама жерлестеріміз туған еліне, жеріне, ауылына қол ұшын беріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар «Жерлестер» форумы аясында бұдан әрі де өсуі мүмкін»,- деп атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстыра кетті.

Өңірде әр салада жоғары жетістікке жетіп, абырой биігіне көтерілген әулиеаталық азаматтар аз емес. Әкім Тарази, Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Мұхтарбай Өтелбаев және өзге де азаматтар Әулиеата топырағынан шығып, қазақ атын әр сала бойынша әлемге танытып жүрген тарландар. Бұл орайда, Берік Құрманғали облыстық ішкі саясат басқармасы «Жерлестер» форумын өткізуді қолға алып отырғанын жеткізді. Мұндағы мақсат та Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзінде насихаттау болып отыр.

 

Сұхбат

PhotoRoom