АУЛА КЛУБЫ АУЫЛ БАЛАСЫНА БҰЙЫРДЫ

Жаңалықтар
07.12.2018, 22:47

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауында: «Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет. Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет» екендігі айтылған еді.

Оның мақсаты -  оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту жалпы баланы жан-жақты  дамытып, бейімін жетілдіру. Баланың қызығушылығына, икеміне қарай жаңа қырын ашып, өмірлік жолын анықтауға да аула клубы септігін тигізеді. Өз ортасында жүрген баланың жауапкершілігі артады.

Қазіргі таңда 300-ден аса балалар сабақтан кейін осында асығады, себебі сүйікті ісін серік етіп, шеберліктерін шыңдауда. Мұнда келушілер үшін 6 үйірме жұмыс жасайды.

Олар спортпен айналысып, ұлттық өнерден сусындап, би үйреніп, тіпті ағылшын тілін меңгеруіне де мүмкіндік бар. Мұнда күнделікті қызу пікірталастар, диалогтық алаңдар ұйымдастырылып, өнердің қыр-сырына баулиды. Бір сөзбен айтқанда, балалардың  тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізіп отырған бірден-бір шығармашылық орта. Болашақта өрендер арасында түрлі танымдық жарыстар да өткізілетін болады. Балалар мен жасөспірімдердің уақытын мазмұнды өткізу осы жердегі тәрбиешілер пен педагогтардың білім сапасы мен шығармашылық деңгейіне  байланысты. Сондықтан бұл клубқа балалармен жоғары деңгейде жұмыс жүргізетін, педагогикалық білімі бар қызметкерлер ғана тартылады. Өткізілетін іс-шаралардың қызықты жаңалыққа толы болуына барынша назар аударылады. Өйткені, аула клубтарының басты көздеген мақсаты да  - балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Аула клубы бір ай бұрын ашылған. Сондықтан қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom