Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді

Жаңалықтар
22.10.2019, 19:53

Елімізде  мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарды патриотизмге тәрбиелеу  мақсатында «Nur Otan» партиясының  «Менің Туым - менің Отаным» атты республикалық патриоттық акциясы басталды.

Осыған орай, бүгін Шымкент қаласында  алғаш рет «Шымкент Плаза» сауда - ойын-сауық орталығында Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.

Акцияға «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев жəне қала мəслихатының депутаттары, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, мемлекеттік мекеме басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

 

Сұхбат

PhotoRoom