Жаңа қазақстан – жаңа саяси тұғырнама!

Саясат
26.08.2022, 13:32
Жаңа қазақстан – жаңа саяси тұғырнама!

Саяси тұғырнаманы жаңарту жұмыстары биыл сәуірден бастап жүргізілуде. Апта басында «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың қатысуымен партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Партия Төрағасының пікірінше, Саяси тұғырнаманы жаңарту жұмысы тек «халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізілуі тиіс. Еркін пікір алмасу, кең саяси диалог қамтамасыз етілуге міндетті. Бұл қадам партияның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа жағдайда сайлаушылардың сенім үдесінен шығуға мүмкіндік береді, - дейді саяси ұйым өкілдері.

Саяси тұғырнамада көрініс табуы тиіс басымдықтар мен бағыттарды талқылау мақсатында өткізілген отырысқа  саясаткерлер, ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және партия белсенділері қатысты. Ашық алаңда өз ойын ортаға салған Сәкен Мәжінбеков жергілікті өзін өзі басқару бағытында ой қозғады. Белгілі саясаттанушы өңірде атқарылатын әрбір іс халықпен келісіліп, тұрғындардың тікелей назарында болуы тиіс деп есептейді.

Жиынға қатысушылардың барлығы саяси тұғырнаманы әзірлеу ісіне қатысты өз ойларын және ұсыныстарын ашық айтты. Алаш зиялыларына қатысты насихат жұмыстарына көңіл бөлу, мемлекеттік тіл мәртебесі, білімді жастарды қолдау, халықтың әл-ауқатын жақсарту сынды түрлі пікірлер ортаға салынды.

Айтылған ұсыныстар енді партияның Орталық аппаратына  жаңа Саяси тұғырнамасын еңгізу үшін жолданатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom