Көз жұмса да Чавеске ел "басқартқан"

Жаңалықтар
05.02.2015, 09:41

Венесуэла үкіметі президент Уго Чавестің өлімін екі ай бойы жасырып келген деп хабарлады, Le Figaro. Чавестің қауіпсіздік қызметін бұрындары басқарған Лемзи Салазар қазір өзі бас сауғалап жүрген АҚШ билігіне Уго Чавес өлімі 2012 жылдың 30-желтоқсанынан 2013 жылдың 5-наурызына дейін айтылмағанын жеткізген.

Бұл туралы 4-ақпан күні америкалық мемлекеттер Одағындағы Панаманың бұрынғы елшісі Гильермо Кочес twitter-дегі парақшасына жазған екен.

Кочес ел билігі Николас Мадуроның қолына өткенше Уго Чавестің о дүниелік болғанын жасырған мемлекеттік билікті айыптайды. Легитимділігі күмәнді билік онысымен қоймай, қайтыс болған Уго Чавестің атынан үш ай бойы ондаған декреттер қабылдаған.

Мемлекет билеушінің аман-саулығын жасырын ұстау авторитарлы, әрі саяси жүйедегі ірі кландардың пісіп-жетіліп өз кезегін күтіп отырған кезеңдерде кездесіп отырады. Бұл оқиға Социалистік Венесуэлада сол кездерде осындай ішкі интригалардың күшейгенін көрсетсе керек.

Сұхбат

PhotoRoom