Даниал Ахметов Францияның бас консулымен кездесті

Аймақ
09.02.2015, 14:39

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ҚР-дағы Францияның бас консулы Патрик Ренардың басшылығымен француздық делегациямен кездесті. Тараптар  Өскемен мен Лион қалалары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

 

Даниал Ахметов кездесуде «ШҚО-да Франциямен дәстүрлі жақсы қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Туризм, медицина, атап айтқанда, 20150209133901онкология саласындағы француздық тәжірибе, сондай-ақ бірқатар экономика салаларындағы озық инновациялық ұсыныстар біздің қызығушылығымызды арттыруда».

Француз делегациясының сапары екі күнге созылатыны белгілі. Осы уақытта олар Риддер қаласы және Глубоковское аудандағы тау-шаңғы демалыс базасына барады. Ол жердің әлеуетін айқындайды. Бұдан басқа, Өскеменде шетел қонақтары А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың француздық оқу залына барады.

Қазақпарат

 

Сұхбат

PhotoRoom