БҚО-да индустриялық аймақ құру жұмысы басталды

Аймақ
11.02.2015, 01:01

Батыс Қазақстан облысында инвестиция тарту мақсатында индустриялық аймақ құру жұмысы басталды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыповтың айтуынша, түрік инвесторымен (ISKOBIR) тікелей келіссөз нәтижесінде Орал қаласы әкімдігі 908 га жер телімін жиырма жылға дейінгі мерзімге бөлді. Республикалық маңызы бар жол жанындағы аумақта барлық қажетті инфрақұрылым бар. Қазіргі кезде «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға 33 млн. теңге бөлді.

Айта кетейік, 2014 жылы өңірде негізгі қаржыға 263,9 млрд. теңге қосылды, бұл алдыңғы жылғыдан 34,1 пайызға көп. Соның ішінде өнеркәсіпке 193,4 млрд. теңге (өсім - 40,3 пайыз) бағытталды. Сыртқы инвестициялар көлемі 40,5 пайызға көбейіп, 139,9 млрд. теңгеге жетті.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom