Шымкентте халықаралық әуежай салынады

Аймақ
24.04.2015, 21:54

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымы «Airport Management Group» ЖШС Шымкент қаласында жаңа халықаралық әуежай салу туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

11061231_1384698405191102_5416956448551509158_o

 

Жобаның таныстырылымына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты.

Екі кезеңнен тұратын жобаның құрылыс жұмыстары биыл басталады. Мұнда тартылған инвестиция құны 143 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаның басты ерекшелігі жаңа әуежай маңынан темір жол вокзалы мен автовокзал бірге бой көтереді. Әуежайдың үш жақты логистикалық дамуы елімізде тұңғыш рет қолға алынып отыр.

Аумағы 34 000 шаршы метрді құрайтын жолаушылар терминалының құрылысы екі кезеңмен жүргізілмек. Бұл оның жолаушыларды өткізу қабілетін жылына 2,5 млн. дейін жеткізуге жол ашады. Жүк терминалы базасында көлік-логистикалық орталығымен ықпалдасып авиалогистикалық хаб дамиды. Онда өзінің уақытша сақтау қоймасы мен кедендік бақылау пункті бар. Құрылыстың алғашқы кезеңін 2020 жылға дейін жүзеге асыру көзделген.

Жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 143 млн. АҚШ долларына бағаланған. Қосымша 1000-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Жолаушыларға еркін қызмет көрсететін жаңа әуежай өңір экономикасына тың серпін беріп, сауда-саттықты нығайтумен қатар, өңірдегі туризим саласын дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. Ал жаңа темір жол арқылы Түркістан мен Сарыағашқа қатынау мүмкіндігі ашылып, мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom