Түркістандағы темір зауытының қуаты қандай?

Аймақ
24.04.2015, 23:23

Өндірген өнім қанша жерден сапалы болғанымен, сұраныс болмаса көштен қаласың.Түркістандағы темір бетон зауыты алдымен нарықты зерттеуден бастапты.

Индустрияландыру картасы шеңберінде озық технологиямен жабдықталған кәсіпорын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қажетті көпірдің негізгі материалдары мен бетоннан құйылған құрылыс заттарын шығарып жатыр. Бәсекеге қабілетті Отандық өнімге деген сұраныс та жоғары. Көпірдің негізгі бөлшегі болып табылатын мын темір бетонның ұзындығы 33 метр, салмағы 40 тоннадан асады. Есесіне оның жүк көтергіштігі 120-160 тоннаға дейін жетеді екен. Зауыт аптасына осындай төрт бетон белуарлар құйып шығара алады. «Салмағы ауыр затты тасымалдау да өте ұқыпытылықты қажет етеді»,- дейді зауыт инженерлері.Мұнда көпір қондырғыларымен қатар құрылысқа қажетті темір бетон материалдарын да шығарады. Жалпы 30 түрлі өнім бар. Қалыпқа құйылған бетон 85-90 градус ыстықта 6 сағат сақталады екен. Сосын арнайы қондырғының көмегімен 500 тоннаға дейін салмақпен қысып, сапасын тексереді. Осылайша әрбір өнім сынақтан өткізіледі.Осыдан төрт жыл бұрын зауыт шағын ғана көпір қондырғыларын шығарумен шектелетін. Мемлекет қолдаудың арқасында бүгінде осындай жетістікке жеткен. Заман талабына сай орнатылған инновациялық қондырғылардың көмегімен зауыт жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс істейді. 100-ден астам адам тынымсыз сапаға еңбек етіп жатыр.Кәсіпорын былтыр Қызылорда облысының аумағынан бастау алған ғасыр жобасы Батыс Еуропа Батыс Қытай жолының құрылысына қажетті бетон материалдарын тапсырыс бойынша жеткізіп тұрған. Биыл Шымкенттен көрші Жамбыл облысына дейінгі аумаққа салынып жатқан жолға қажетті құрылыс заттарын шығармақ. Зауыт қазірдің өзінде бірнеше шетелдік фирмалармен келісімге отырыпты. Яғни отандық өнімге сұраныс та жоғарылаған.

Сұхбат

PhotoRoom