ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Аймақ
31.05.2015, 21:52

 

Бүгін қызылордалықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағыштады.

Солақай саясаттың құрбандарын еске алуға жиналған жұрттың қатары қалың болды. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері қатысып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

ACD_3840

Сол бір нәубетті жылдары елімізде 103 мыңнан астам адам солақай саясаттың қаһарына ұшырып, 25 мыңдайы ату жазасына кесілді. Көптеген көзі ашық халық қалаулылары мен ұлт жанашырлары қаза болды.

- Тәуелсіздік үшін Алаштың арда ұлдары солақай саясаттың құрбаны болды. Аяусыз зорлық-зомбылық көрді. Сол бір зұлмат уақытта біздің елімізге де мыңдаған өзге ұлт өкілдері жер аударылды. Қазақ жұртшылығы барлығына құшақ жайып, бір үзім нанын бөліп берді. Біз олардың есімін ұмытпай, әрдайым ұлықтауымыз қажет, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мұнан соң шара гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары да жазықсыз жапа шеккендердің рухына  тағзым етті.

 

Сұхбат

PhotoRoom