«Этносаралық және конфессияаралық келісім – бейбітшілік тірегі»

Аймақ
29.06.2015, 19:19

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында, еліміздегі этносаралық және конфессияаралық татулықты нығайту, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында облысымыздың этномәдени орталықтарының, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, білім саласының, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің және жастардың қатысуымен жуырда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебаб ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Этносаралық және конфессияаралық келісім – бейбітшілік тірегі» тақырыбында семинар-кеңесі өткізілді.

Шара облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Балабаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Келесі ретте баяндамашылар сөз алып, «Қызылорда облысының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Шаухамановтың «Қазақ халықының ұлттық дәстүрлері және рухани құндылықтары» тақырыбындағы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Т.Омаровтың «Имандылық-рухани өнегеліктің, татулықтың қайнар бұлағы» тақырыбындағы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Е.Уәйстің «Ұлттық келісім - бірліктің кепілі» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, тақырыпқа байланысты шараға қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, соңы сұрақ-жауаптарға ұласты.

Сұхбат

PhotoRoom