"Ауыл" түлеп сала берді

Жаңалықтар
26.08.2015, 15:26

Бүгін Астанада Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының кезектен тыс X съезді өтті. Съезге 92 делегат және ұйымның барлық аймақтардағы филиалдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жаңа төрағасын сайлау жөніндегі сұрақ қарастырылды. Партияның сол уақыттағы төрағасы Ғани Қалиев өзінің баяндамасында Қазақстанның алдында жан-жақты модернизация мен дамыған отыз елдің қатарына кіру сынды үлкен мақсаттар тұрғандығын ерекше атап өтіп, ««Ауыл» партиясына жаңа көзқарастағы, өзіңдік жаңа бастамалары бар жетекші қажет» деді. Жоғарыда атап өткендеріне сәйкес ол партияның жаңа жетекшісі ретінде Парламент сенатының депутаты Әли Бектаевты таныстырды. «Ауыл» ҚСДП құрылған кезеңде партияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалына жетекшілік еткен Әли Бектаевты съезд делегаттары толықтай қолдады. Съезд қорытындысы бойынша, Әли Бектаев Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жаңа төрағасы болып сайланды.

Сұхбат

PhotoRoom