САЯСИ ПОРТРЕТ: АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ

Тұлға
12.05.2014, 15:51

1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген Асқар Исабекұлы қазіргі әкімдермен салыстырмалы түрде алғанда саяси алаңға кешірек шыққан. Әкесі Исабек туралы жақсы естеліктер көп. Жақында дүние салған Фариза Оңғарысынованың ақындық жолын ашып, республикалық басылымдарға алғаш болып шығарған да сол Асқар мен Абылайдың әкесі көрінеді. «Әке көрген оқ жонар» дегендей Асқар Исабекұлынан зиялылық шырайынан білінеді. Сырт көзге салмақты көрінетін Мырзахметов өмірде де салқынқанды деп сипатталады. Тіпті оның құрдастары Қ. Тоқаев үкіметіне киндерсюрприз болған кезде бетеген биік, жусаннан аласа болып, өз шаруасымен айналысып жүрді. Өзге әкімдерден ерекшелігі сол, Оңтүстікті басқарып отырған шенеунік өзін бизнес саласында қалыптастырған. Бірақ Бозымбаев сияқты онысын жар салып айта бермейді. Ақшаға мұқтаж емес. Адам ел басқарса жемқорлыққа аяқ баспайды деген бұқаралық сана тұрғысынан ғана емес, жалпы алып қарасақ, Мырзахметов бизнес әлемінде де өзіндік із қалдырған екен.

Асқар – шаруа

Мырзахметов – шаруаның адамы. 29 жасында Сауат Мыңбаев, Зейнолла Кәкімжановтармен бірге «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасын» көтерді. 4 жыл ішінде сол жерде вице-президент, одан кейін Орта Азия және Қазақстанның биржа ассоциациясының басқарма төрағасы болды. Мырзахметов дегенде көз алдымызға Асқар мен Абылай елестейді. Ағайынды екеудің жүріп өткен жолы әртүрлі болғанымен, екеуі де бәрін бизнестен бастады. Оған дәлел - Асқар Исабекұлының 1995-1996 жылдары «Tasmo» инвестициялық фирмасында, 1996-1999 жылдары «Агро-лизинг» АҚ Бас директоры қызметтерін абыроймен атқаруы. Бақаның тілін балық түсінеді демекші, еліміздеі ірі бизнесмендердің бірі Нұрлан Балғымбаев Үкіметті басқарған жылдары штаттан тыс кеңесші ретінде осы Асқар Мырзахметовті шақырған. Атқарушы органға жақындаған Мырзахметовтің мызғымас шенеуніктік жолы басталды. Мызғымас деуіміздің басты себебі – ол әлдекімдер сияқты бір істің басын, екінші істің аяғын жасап, көшіп-қонып жүретін жеңілтек басшы емес. Тұрақтылығы оның нәтижелі жұмыс істеуіне ықпал етіп келеді. Тоқаев пен Тасмағамбетовтің үкіметі кезінде ауылшаруашылығы ведомствосында вице-министр болып қызмет етті. Даниал Ахметовтің кабинетінде осы министрлік Мырзахметовке тапсырылды. Яғни, еліміздің мұнай-газдан кейінгі әлеуеті зор сала ауылшаруашылықты бес саусағындай білетін екі адам болса, біреуі – Серік Үмбетов, екіншісі – Асқар Мырзахметов. Оны шаруақор деп сипаттағанымыз да сондықтан.

 

Мырзахметов – мәмілегер

2006-2007 жылдары ол Өзбекстан Республикасындағы Қазақстанның елшісі болды. Орталық Азия одағы идеясы туралы жиі айтылып, оңтүстіктегі көршімізбен ынтымақтастығымыз жарасқан кезең деп те сол аралықты айтуға болады. Оның дипломаттық тәжірибесі кейіннен өзінің туған жеріне әкім болып барғанда қажет болған сияқты. Ру мен жүзге бөлініп, бас-басына аталарының атына мешіт ашып, бәсекелесттікке түсіп кеткен облыс халқын сабырға шақырып, арнайы үндеу мақала жазғаны да ел есінде. Кәсіпкерлердің тілін тауып, казино, ойын алаңдары болған ғимараттарды мемлекетке қайтарып, жастарға даңғазадай орталық етіп бергенін де айта кеткен жөн. Оңтүстікте өзге ұлт өкілдероі өте көп. 100-ге жуық ұлт өкілін ұйыстырып қана қоймай, идеологияны мықтап қолға алды. Сапарбаевтар аяз атаға резиденция саламыз деп жүргенде, Наурыз мейрамын 9 түрлі атаумен, 9 күн тойлатып, өзге әкімдерге үлгі бола білді. Жаны қазақ кез келген азаматтың алдында Мырзахметовтің сүйкімі қалыптасты. Дәлірек айтқанда қалыптастырды. Сұрақ: кім немесе не? Жауап: Мырзахметовтің кадр таңдаудағы көрегенді. Олай дейтініміз, әкімдік қызметінің алғашқы үш жылында оған қарсылар көбейіп, кемшіліктерін тізіп кеткен. 2012 жылы мынадай ақпараттар шыққан еді. «ОҚО А.Мырзахметов әкім болып келгелі 200-ге жуық шенеунікке сыбайлас-жемқорлық үшін қылмыстық іс қозғалды, облыста кадр мәселесі сын көтермейді: өндіріс және білім басқармаларының бастықтары 4 реттен ауысты, энергетика және табиғат қорғау басқармаларыныкі 3 рет, кейбір аудан әкімдері 2-3 рет ауысты; «Оңтүстік» еркін-экономикалық аймақ міне 7 жылдан бері әрекетсіз отыр, оның аясында кәсіпорындар ашылғанымен тоқтап тұр. Облыстың өнеркәсібі құлдырауда, жаңа өндірістік кәсіпорындар ашылып жатқан жоқ. Қазір жағдай басқаша. Әкімдер жұмыс істемейді емес, оны жарқыратып көрсете алу бар, мүлде мәліметсіз, мақұрым қалдыру да бар. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі соңғы 1,5 жылдың ішінде ашық-жариялылыққа ұмтылды. Түрлі ақпарат құралдарынан бөлек, халықтың біраз бөлігі шоғырланған халықаралық әлеуметтік желілерден де Оңтүстік туралы ақпаратты лезде табасыз. Бұл - халықпен тіл табысуды меңгергендігі. Осы дәлелердерден кейін Мырзахметовті мәмілегер деп атап отырмыз.

Асқар Мырзахметов сияқты облыс әкімі бола салып, 5 жыл отырған аймақ басшысы жоқ. Бұл біреуге аз, біреуге көп мерзім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сеніміне берік ие болуының сыры неде? «Мен келген сайын әкімді ауыстырады екен деген сөздер желдей еседі. Иә, талай әкімді келіп алып тастап жүрдім ғой, өздерің білесіңдер. Жұмыс істеп отырған әкімді неге ауыстырамын, ауыстырмаймын!» деп Президенттің жылы жымиғаны есіңізде ме? Осы бір сөздің өзі Асқар Исабекұлының халық алдында, Елбасы алдында қаншалықты беделді екенінен хабар береді.

[video width="640" height="360" mp4="/uploads/wp-content/2014/05/amyrzaxmetov-nazarbayev.mp4"][/video]

Сөз басында айтқанымыздай, тұрақтылық пен байыптылық ОҚО-да Мырзахметов басқарған бес жылда қандай белестерді бағындырғанын саралап көрсек.

  • Бэби-бум! Халық саны 2 млн. 734 мыңға көбейді.
  • Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 170 жоба жүзеге асырылған. Бұл республикадағы 919 жобаның 18,3 пайызы. (Республикада-1 орын). Бағдарлама облыстың барлық аудандар мен қалаларын қамтып, жобалардың 65%-ы (111 жоба) ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда. Индустрияландыру картасы жобаларымен 2013 ж. қорытындысы бойынша 28,1 млрд.тг. (2012 ж. – 16,1 млрд.тг.) өнім шығарылды.
  • Бағдарлама аясында 9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Жұмыссыздық деңгейі 6,6% - дан 5,5% - ға төмендеген. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,1% - дан 3,0% - ға азайдыү
  • Облыс экономикасын дамытуға тартылған инвестициялардың көлемі 2009 ж. Мырзахметов келген жылы 319 млрд. тг. Болса өткен жылы, яғни, 2013 ж. 415,5 млрд. тг. болған.
  • Биыл облыста 111 білім беру нысанының құрылысы журіп жатыр екен. Оның 67-сі (!) биыл ашылады.

                                                                                                       Асыл Қараш

Сұхбат

PhotoRoom