2015 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚАЗАНҒА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БӨЛШЕК САУДАСЫ

Аймақ
23.11.2015, 16:13

  Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қазанына бөлшек сауда 149973,1 млн. теңгені құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 4,3  пайызға өсті. 2015 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда көлем 13,2 пайызға түскен. Ақпарат kyzylorda-news.kz сайтынан.

    Облыстық статистика департаментінен хабарлағандай, есепті кезеңде азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 59854,6 млн.теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңіімен салыстырғанда 0,2 пайызға жоғары.

Сауда кәсіпорындарының өткізу көлемі  10,9 пайызға  түсіп, тауар айналымы  35759,1 млн. теңгені құрады. Базарлар және жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы  10,3 пайызға өсіп, айналым құрылымындағы үлесі 76,2 пайыз.

Сұхбат

PhotoRoom