ЖАЛАҒАШТЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЖАРАДЫ

Аймақ
24.11.2015, 15:28

ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир нәтижесінде жалағаштық жасөспірімдер үздік атанды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 25 команда, 300-ден аса спортшы қатысты. Турнирді аудан әкімі Талғат Дүйсебаев ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және Мөрәлі атамыздың ұрпағы, экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шәменов жарысқа қатысушыларға тілектерін жеткізді.

Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Жалағаш аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жеңімпаз атанды. Екінші орынды Алматы қаласының командасы еншілесе, үшінші орынға Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың спортшылары ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom