Сыр өңірінің жастары есірткіге қарсы

Аймақ
25.11.2015, 13:18

 Қызылорда  ОІІД  Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен «Мен  өмірді  қалаймын!» ұранымен  облыс  көлемінде орта  және  арнаулы  орта,  жоғары  оқу  орындары арасында өлең,  ұран,  жолдау  жазып,  басылымдар  мен  ақпараттық  порталдарда  жариялау  сайысы   ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыстың  негізгі  мақсаты  жастар,  балалар мен жасөспірімдердің  есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.

Сайысқа  85  оқушы,  студент  қатысып,  өздерінің  жұмыстарында  есірткі  мәселесіне  байланысты  ой – пікірлерімен  бөлісті.Сайыскерлер тақырыпқа  байланысты  түрлі  мағлұматтарға  сүйеніп,  осы  бағытта  ізденіп,  есірткі  мәселесіне  кеңінен  тоқталды.

Құрылған  сайыстық  комиссия шешіміне  байланысты  85 қатысушының ішінен ынталық  танытқаны  үшін  16  бөлек  аталды. Ал, өздерінің  тапқырлығы  мен  жеңіске  ынталығын  танытқан  келесі  сайыскерлер жеңімпаз  атанды. Байқоңыр қаласы  №274  орта  мектебінің  9  сынып  оқушысы  Сыланова  Айжан 1 орынды иеленсе, 2 орын Қазалы  ауданы  №92  орта  мектебінің  9  сынып  оқушысы  Ыбырай  Аманғалиұлына және 3 орын Байқоңыр қаласы  №274  орта  мектебінің  9  сынып  оқушысы  Нұрқасым  Әдеміге бұйырды.  Жеңімпаздарға  Қызылорда  ОІІД  тарапынан    дипломдар мен  бағалы сыйлықтар табыс  етілді.

Сұхбат

PhotoRoom