«Апаттар медицинасы орталығы» Қызылордада кезекті практикалық сабағын өткізді

Аймақ
25.11.2015, 15:48

Жасақ құтқарушыларының кәсіби тәжірибесін арттыруда және толықтыру мақсатында  ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуден кезекті  практикалық сабақғы өтті. 

Филиал дәрігері А.Салқынбаева оқу кабинетінде кезекті сабағында клиникалық өлімнің белгілері жайында айтып, «Максим» манекенінде жасанды тыныс алдыру мен жүректі жанама сылауды дұрыс жасауды көрсетті.  Сабақ барысында филиал фельдшері Ж.Набдинова кетулердің түрлері, оларды тоқтату әдістері, байламдардың түрлеріне тоқталып өтті.

Сонан соң әрбір құтқарушы зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді әдісін тәжірибе түрінде көрсетті. Осындай тәжірибе жүзіндегі  сабақ адамдарды қорғауда және өзін-өзі қорғауда пайдасы мол болатыны сөзсіз.

Сабақ аяғында филиал қызметкерлері құтқарушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Сұхбат

PhotoRoom