Президент оралмандарға қатысы бар құжатқа қол қойды

Жаңалықтар
01.07.2014, 11:54

 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң мемлекеттің мүлікті, соның ішінде заңды экономикалық айналыстан ертеректе шығарылған ақшаны бір реттік жариялау шарасын өткізу тәртібі мен шарттарын регламенттеуге бағытталған.

Сондай-ақ, Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкестендіруге бағытталған.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Сұхбат

PhotoRoom