Елбасы ірі сегіз жобаны іске қосады

Жаңалықтар
02.07.2014, 10:54

 

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердегі бірнеше жобаны іске қосады, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Мемлекет басшысы Астанада отырып, «онлайн» режимінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағындағы құрғақ порттың және Семейде орналасқан «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр таратушы желілерінің құрылысын бастауға «батасын» береді. Қалған жобалар Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Ақмол облыстарына тиесілі. Аталған жобаның барлығы Индустриализация картасына енгізілген. Министрліктің мәліметтеріне қарағанда биылғы жартыжылдықта Индустриализация картасы аясында 21 кәсіпорын іске қосылып, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Ал екінші жартыжылдықта 100-ге жуық жоба іске қосылып, 8 мың тұрақты жұмыс орны болады.

 

Сұхбат

PhotoRoom