Саяси партиялардың оңтүстіктегі өкілдері бас қосты

Жаңалықтар
03.07.2014, 18:36

 

Әдетте саяси партиялар – бәсекелес. Электорат үшін, халықтың даусы үшін, түптеп келгенде билік үшін күреседі. Елдің болашағы үшін кей кезде келісімдерге де келу қажет. Биліктің де, оппозицияның да саяси күштерінің түпкі мақсаты – елдің болашағы. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали еліміздегі саяси партиялардың Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан филиалдарының төрағаларымен кездесіпті.

Мұндағы мақсат − саяси партиялардың бүгінгі жай-күйімен танысып, олардың жоспарлары мен атқарып жатқан жұмыстарын зерделеу, қоғамдық маңызды мәселелерді бірлесіп, шешу болды.

«Саяси партиялармен бірге жұмыс істейтін басқарма болған соң, сіздердің ой-пікірлеріңізді ескеріп, ұсыныстарыңызды тыңдау. Сонымен қатар, алда атқарар шаруаларды пысықтау үшін мереке қарсаңында кездесуді ұйымдастырып отырмыз», − деді Берік Уәлиұлы.

Жиын барысында партия қызметшілері облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесуге «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбеков, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қ.Ибраев, «Қазақстанның патриоттары партиясы» ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Ә.Салыбеков, «Ауыл» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары И.Тұрсынқұлов, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» ОҚО филиалының төрағасы Н.Қадырқұлов, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» ОҚО филиалының төрағасы Н.Қожаханов, «Бірлік» саяси партиясы ОҚО филиаланың төрағасы С.Қозыбаев және «Қазақстан Компартиясы» ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Е.Пернеев қатысты.

Кездесуді соңында басқарма басшысы Б.Құрманғали партия өкілдеріне алғыс білдіріп, жиналғандарды Астана күнімен және қасиетті Рамазан айымен құттықтап, естелік кәдесыйлар тапсырды.

 

Сұхбат

PhotoRoom