Коммунистер және Лениннің туған күні

Сараптама
04.07.2014, 10:08

 

Біз бұған дейін «Нұр Отан», «Ақжол» партияларының Парламенттен тыс жұмыстарын саралаған болатынбыз. Біздің қоғам коммунистік идеяны аса жақтыра қоймаса да, заң шығарушы органнан 7 бірдей орын алған «қызыл партияның» бұл саяси маусымда атқарған қоғамдық істерін көзге ілмей қоюды дұрыс деп санамадық.

 

Қазақстандық коммунистер де белсенді қоғамдық акциялар өткізді. ҚКХП белсенділері республика бойынша жұртшылықты тарта отырып мынадай іс-шаралар өткізді:

Сәуірде пролетариаттар көсемі В.И.Лениннің туған күні қарсаңында республика бойынша сенбіліктер ұйымдастырды, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске түсірді.

Республика бойынша «Жұмыспен қамту – 2020.», «Дипломмен ауылға» тақырыптары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

1-9 мамырда Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында, Ұлы Жеңіс күні - мейрамы акцияларын өткізді.

Ерікті түрде қан өткізуге шақырып, «бір тамшы қан басқалардың өмірін сақтап қалады» акциясын өткізіп, жұртшылықты қан өткізуге, оған атсалысуға үндеді.

Коммунист-депутаттар қоғамдағы аса ауыр қылмыстардың көбеюіне алаңдап, қылмыстық кодекстің нормаларын қатайту туралы үндеу көтерді.

ҚКХП партиясының құрылғанынына 10 жыл толғанын салтанатты түрде атап өтіп, партия ардагерлеріне сыйлықтар тапсырды.

 

Сұхбат

PhotoRoom