Мемлекет қаржысын аямай төгіп келген қала ендігі жерде донор болып, мемлекет қазынасына қаражат құя бастады. Мұнда инновация мен бизнес қарқынды дамуда. Астана білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының орталығына айналды. Сондықтан біз өз елордамызды мақтан тұтамыз, сүйеміз. Сіздерді Астана күнімен құттықтаймын!» - деді ҚР Президенті «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік туды көтеру рәсімінде.
Елбасының айтуынша, Астана 16 жылдың ішінде әлем таныған қалаға айналды, өйткені мұнда халықаралық маңызы бар бірқатар шаралар өткізілді.
«БҰҰ-дан кейінгі екінші үлкен ұйым ЕҚЫҰ 11 жылдық үзілістен кейін өзінің кезекті саммитін өткізетін қала деп біздің Астанамызды лайық көрді. Мұнда көптеген экономикалық және саяси шаралар өтті, осымен де біздің елордамыз атақты. Шағын ғана Ақмола қаласы бүгінде 800 мыңнан астам тұрғыны бар алып мегаполиске айналды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.