Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мен байқаушы елдерді біріктіретін Еуразиялық транзиттік-көлік хабын құру қажет. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай ұсыныс жасады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президенті өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ пен қытайлық тараптың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын байланыстыру ынтымақтастықтың ауқымды болуына жол ашатынын айтты.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мен байқаушы елдерді біріктіретін Еуразиялық транзиттік-көлік хабын құруды ұсынамын», - деді осы ретте Елбасы.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ пен қытайлық тараптың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын тамаша үйлестіретін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кеткендігін айтты.