Мемлекет басшысы Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тоқтата тұратын заңға қол қойды

Жаңалықтар
30.06.2016, 19:52

20160516185718Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы

Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қабылданған заң «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған.

Заңмен «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдың соңына дейін:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға;

мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сұхбат

PhotoRoom