Ұлттық мәдени саясаттың Тұжырымдамасын талқылауға келіңіз

Жаңалықтар
11.07.2014, 15:18

 

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ертең «Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасының басты қағидасы мен тетігін жүзеге асыру» атты тақырыпта Дөңгелек үстел аясында өтетін Қазақстан Республикасының мәдени Тұжырымдамасы жобасын қоғамдық негізде талқылауға қатысуға шақырады.

Бірінші отырысы Астана қаласындағы «КӨРМЕ» көрме орталығында ертең сағат 10-00де өтеді. Екінші басқосу Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастыру жоспарланған.

Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық тұрғыдағы маңызды бөлігі болып Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясына негізделген қазақстандық ұлттың бай мәдени мұрасы мен шығармашылық жолындағы жетістіктері арқылы Қазақстан Республикасының әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру нысаны көзделген.

Тұжырымдаманың басты мақсаты -көп ұлтты мемлекеттің мәдени кеңістігін дамыту, бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыру, заманауи мәдени кластерлер құру.

Қазіргі таңда әлемдегі көптеген ұлттар мен мемлекеттердің басты артықшылығы болып мәдениет пен мәдени потенциалдың дамуы болып табылады.Жетістіктердің басты белгісі болып мәдениеттің даму деңгейі, мәдени институттар мен механизмдердің инфоқұрылымдарының нәтежиелі жұмыс жасауы, ұлттық және әлемдік мәдени мұраның байытылуы мен сақталуының қамтамасыз етілуі, құрылуы, сапалы мәдени құндылықтардың тұтынылуы мен аударылымы, тұлғаның жемісті мәдени ауысымы мен өзін-өзі рухани-шығармашылық жүзеге асыруы саналады.

Мәдени саясат– бұл қоғамның басты құндылықтары мен тұлғаның парасаты басталуын қалыптастыратын әрбір жемісті мемлекеттің негізгі идеологиялық белгісі болып табылады.

Мәдениет саласындағы жетістіктер ведомства жұмыстарымен, статистика көрсеткіштері немесе атақты есімдер барлығымен өлшенілмейді.

Мәдениетті қоғамда қалыптасып қалған қағида бойынша бос уақыт демалысы мен ойын-сауық саласы деп қарастырмай, ең алдымен мәдениетті ұлттық идеологияның қалыптасуының мықты құралы, елдің әлемдік кеңістіктегі мәдени дамуы мен орнығуы тұрғысынан қарастыру қажет.

Жеке табыс пен бизнестің, мемлекетті тұтас алғанда жетістіктің негізгі факторы ретіндегі қоғамның шығармашылық әрекетіне қатынасын өзгертетін мәдениет түсінігіне бағытталған заманауи тәсіл жаңа әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Бұндай жағдайларда дәстүрлі мәдени ортада түбегейлі ауысым жүреді: бірінші жоспарға ұшқырлық пен бәсекеге қабілеттілік шығады.

Мәдениет саласының аталған ахуалында өнер мен мәдени ұйымдарды экономикалық тұрғыда түсім келтіретін деңгейге жеткізетін экономика, бизнестік бастамалар үшін тамаша инвестициялық сала бағдарлары маңызды факторға айналады: киноиндустрия, анимация, цирктік өнер, концерттік және театр шығармашылығы және т.б.

Тұжырымдама жобасы бұған дейін Парламент Сенатының дөңгелек үстелінде, «Нұр Отан» партиясына қарасты «Мирас» қоғамдық кеңесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен шығармашылық одақтары өкілдері отырыстарында талқылаудан өтті.

ҚазҒЗМИ-нің Тұжырымдама жобасын атқару бойынша мерекелік жоспарына сәйкес Тұжырымдаманы талдау аясында шығармашылық зиялы қауымды, кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдарды, БАҚ өкілдерін және ауқымды қоғамды қамтумен дөңгелек үстел отырысын өткізу белгіленген.

 

Сұхбат

PhotoRoom