А.Мырзахметов шаруашылық жүргізудің шағын формаларын дамытуды ұсынды

Жаңалықтар
23.07.2016, 23:27

20160506174023ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Атырау облысы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы және даму перспективалары мәселелері бойынша өткен кеңесте сүт қабылдау пункттер желісі мен отбасылық бордақылау алаңдарын құру керектігін айтты,-деп жазады ҚазАқпарат.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада 675 мыңнан астам адам жеке қосалқы шаруашылық жүргізумен айналысады. Сүт және еттің 70-80%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, мал шаруашылығы өнімдерінің аталған көлемі өнімдерді дайындау және өткізу мәселелерінің шешілмеуіне байланысты қайт өндеуге жеткізілмейді, осының салдарынан қайта өндеуші кәсіпорындар тек  60 %-ы ғана жүктелген», - деді ол.

«Осыған орай, негізгі шара ретінде біз ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылымындағы шаруашылық жүргізудің шағын формаларын дамытуды ұсынамыз. Атап айтқанда, сүт қабылдау бойынша пункттер желісі мен отбасылық бордақылау алаңдарын құру», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері қосымша жүн мен тері дайындау, жеміскөкөністерді дайындау, ара шаруашылығы, отбасылық құс шаруашылығы, тауарлы балық шаруашылығы арқылы дамытылмақ.

Айта кетейік, бүгін А.И.Мырзахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына келген болатын. Мұның алдында министрдің төрағалығымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің Атырау облысы халқымен кездесуі болып өтті, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметінен.

Сұхбат

PhotoRoom