Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар
02.08.2016, 13:07

45466546Белгілі тележурналист, қоғам белсендісі Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі әрі қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды. Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшасында жариялады. Сондай-ақ, ол министрлікте қазіргі уақытта ақпараттық департамент құрылып жатқанын хабарлады.

«Қазiргi таңда министрлiкте Ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылуда. Алдағы уақытта министрлiк осы департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр.Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарды.Өз кезегімізде Берік Уәлиді жаңа қызметімен құттықтап, министрліктің жұмысын халыққа жақындатуға бағытталған игі істердің бастамашысы болады деп сенемiз», – дейді министр.

Сұхбат

PhotoRoom