Алмазбек байке келетат

Жаңалықтар
15.07.2014, 15:14

 

Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Қазақстан және Қырғызстан СІМ басшылары Ерлан Ыдырысов пен Эрлан Абдылдаев келіссөздер барысында Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға ресми сапарына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрі кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынас ерекше екендігін және екі халық арасында тарихи байланыс қалыптасқанын атап өтті. Екі жақты ықпалдастық аясының кеңдігі арқасында А.Атамбаевтың Қазақстанға жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарын сыртқы саяси ведомстволар сапалы ұйымдастыруы тиіс екенін айтты.

Алдын ала ақпарат бойынша Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары 2014 жылдың күзіне жоспарланған.

 

Сұхбат

PhotoRoom