Қытайда экономиканы ынталандыру өсім берді

Жаңалықтар
16.07.2014, 17:44

 

Көптеген мемлекеттер 2007 жылы АҚШ-та бастау алған қаржы дағдарысының себебін анықтағанымен, салдарынан толықтай айыға алмай келе жатқанда, Қытай керісінше күш алып келеді. Шығыстағы көршімізде үкіметтің ынтыландыру әрекеті нәтижесіз қалмағанын көрсетті. Әсіресе сәуір мен маусым аралығында экономикалық өсім ерекше болды.

Әлемде экономикалық қуаты бойынша екінші орын алатын Қытай былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғандағы көрсеткішінен де асып түсті. Біз атап өткен кварталдағы экономикалық өсім - 7,5 пайыз.

Қытай үкіметінің экономикалық өсуді ынталандыруы дегеніміз не? Сәуір айында ресми билік тарапынан шағын фирмалардың салығын азайтып, бүкіл Қытай бойынша теміржол құрылысын жылдамдату тапсырылды. Үкімет сондай ақ, теміржол, автожолдардың құрылысын қарқындату, ішкі Қытай мен Шаңхайды жалғайтын Янцзы өзенінің бойына әуежай салу туралы жоспарын да жария еткен болатын.

 

Сұхбат

PhotoRoom