Еуропалық Одақ басшылары қабылдаған құжатқа сәйкес, Қырымның РФ-на қосылуына жауапты, Украинаның шығысыныдағы жағдайды тұрақсыздандыруға материалды және қаржылай қолдау көрсеткен жеке және заңдық тұлғаларға санкциялар күшейтілмек. Санкцияға ұшырайтын жеке тұлғалар мен ұйымдардың тізімі шілденің аяғына дейін жасалады.
Сондай-ақ Еурокомиссияға Ресей мемлекеттік секторында Еуропалық инвестициялық банк және Еуропалық реконструкция және даму банкі қаржыландыратын бағдарламалардың жұмысын тоқтату тапсырылды.
Жақында ғана АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялаған болатын. Сол құжатқа сәйкес, Құрама Штаттар қаржы министрлігі санкцияға ұшырағандардың қатарына қосымша тағы да Ресейдің және Украинаның кейбір азаматтарын, ұйымдарын, компанияларын қосты.