Атып түсірілген ұшақ

Жаңалықтар
18.07.2014, 11:36

 

Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық Boeing-777 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды украин бұқаралық ақпарат құралдары.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook-тегі парақшасындағы (https://www.facebook.com/anton.gerashchenko.7/posts/694787050608145) мәліметке қарағанда, ұшақ бортында болған 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі түгел қаза тапты. Геращенконың мәліметінше, жолаушылар ұшағын "Бук" кешенінен атып түсірген.

"Жаңа ғана Торездің үстінде Путин құрметпен берген "Бук" зенит-зымыран кешенінің террористері Куала-Лумпур - Амстердам бағытындағы азаматтық ұшақты атып түсірді. Бүгін жергілікті патриоттар бұл кешеннің Торез жақтан Снежноеға көшірілгенін көрген", - деп хабарлады ол.

“Украинская правданың” мәліметінше, Украина аумағымен халықаралық дәліз шеңберінде 10 мың метр биіктікте ұшқан әуе көлігімен арадағы байланыс 17 шілде күнгі жергілікті уақыт 16.20-да үзілген. "Ол содырлардың бақылауындағы Грабово тұрағы ауданына құлады", - дейді ақпарат көзі.

Украина президенті Петр Порошенко әкімшілігінің өкілдері де малайзиялық ұшақтың атып түсірілгеніне күмән келтірмейді. "Ұшақтың атып түсірілгенін жоққа шығармаймыз, біз Украина Қарулы күштерінің ауадағы нысандарға қатысты ешқандай әрекет жасамағанын баса айтқымыз келеді", - делінген президенттің ресми сайтында. Порошенко шұғыл түрде арнайы комиссия құруға тапсырма берген.

RT телеарнасының хабарлауынша, малайзиялық авиалайнердің Украинаның шығысында апатқа ұшырағанын күш құрылымдары арнайы операциясының өкілі Владислав Селезнев пен Украинаның авиациялық агенттіктері растады.

https://www.youtube.com/watch?v=1UufhL4riCQ

 

alashainasy.kz

 

Сұхбат

PhotoRoom