Армения премьер-министрі Овик Абрамян «Қазан айының соңына дейін ЕАЭО-ға мүше боламыз. Өзге ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі хабарлаған», - деді.
Айта кетейік, Ресей, Беларусь және Қазақстан 29 мамыр күні Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойған. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Осыған дейін БАҚ Қазақстан СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовтың Арменияның ЕАЭО құрамына кіру туралы шартқа 2014 жылы қазан айында қол қойылуы мүмкін деген мәлімдемесін таратқан болатын.