«Путиннің тілеуі - ашық соғыс»

Жаңалықтар
21.07.2014, 09:42

 

Мәскеу Украинаны арандатып, Қарулы күштері дайын емес елді арандатып отыр. Бұл туралы 1+1 арнасының эфирінде бұрынғы Ішкі істер министрі, қазірде Президент кеңесшісі қызметін атқаратын Юрий Луценко мәлімдеді.

 

«Мынаны естен шығармайықшы, Украина Ресеймен салыстыруға келмейді. Бір сарбазға орыстың 10 сарбазы келеді. Ал, қару-жарақ техникасына келсек, пропорция тіпті ұлғая түседі. Енді Путин ертеректе Украина жеріне әскері кіргізіп қою әдісін ақтау үшін, толыққанды соғыс тілеп отыр» дейді Луценко.

 

Оның айтуынша, мәселе тек Украинаның шығыс облыстарында ғана емес, Черниговск және Сумск облыстарындағы шекарада да «бітімгершілік күштері» деген жазу жазылған техникалармен Ресей әскері сіресіп тұр.

 

Сұхбат

PhotoRoom