Мемхатшы ұшақ апатына Ресейдің қатысы бар дейді

Жаңалықтар
21.07.2014, 14:25

 

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри американдық биліктің Донецкі облысында апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing ұшағының апатына Кремль мен сепаратистердің кінәлі екенін айқындайтын дәлелі бар екеніне сенімді. «Украинаның шығысында малайзиялық ұшақты атып түсірген зениттік-зымыран комплексі Ресейден жеткізілген» деп мәлімдеді Керри.

«Біз сеператистерге SA-11 (ЗЗК "Бук") жүйесін пайдалануды ресейлік мамандар оқытқанын білеміз» деген Мемхатшы соңғы бірнеше айда Ресей шекарасы арқылы жасақшыларға ірі көлемде қару-жарақ жеткізілген. Керидің мәлімдеуінше, соңғы айларда 12 ұшақ атып түсірілген.

Сондай-ақ, АҚШ дипломатиялық миссиясының басшысы Донецкіде малайзиялық ұшақтың атып түсірілуін "дабылды қоңырау" деп бағалады. Осыған орай Вашингтон Ресейге қатысты батыл қадам жасайтынын және еуропалық серіктестерін де соған үндейтінін жеткізді. Саясаткердің айтуынша, Киев АҚШ-тың көмегіне сенуіне болады, сондай-ақ әскери сала бойынша да. Одан өзге Керри Мәскеуге қатысты жаңа санкциялар қолданылуы мүмкін екенін де ескертті.

Сенбі күні Украина президенті Петр Порошенко малайзиялық ұшақ апатына «лаңкестердің» кінәлі екенінің мүлтіксіз дәлелдері табылғаны туралы мәлімдеді. Франция президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесу кезінде ол «террористер тексеру жүргізуге кедергі жасап жатыр, жұмыс істеуге, дәлелдерді алуға мүмкіндік бермей отыр, олар өздігінен жазатын қондырғыны (қара жәшік) алып кетті» деп мәлімдеген.

Сонымен қоса, президент сайтында "Бірақ бұл оларды құтқармайды, өйткені зымыраннның ұшып шыққан орнын дәлелдейтін, спутниктен түсірілген суреттер мен бейнежазбалар бар. Қондырғының Ресейден жеткізілгенін куәландыратын құжаттар бар. Сондай-ақ, террористердің телефон әңгімесінің жазбасы бар" деген Порошенконың сөздері келтірілген.

Бейсенбі күні Украинаның оңтүстік шығысында малайзиялық Malaysia Airlines авиокомпаниясына қарасты Boeing-777 лайнері апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан бортта болған 298 адамның бәрі қаза болған. АҚШ президенті Барак Обама ұшақтың сепаратистердің бақылауындағы аумақтан ұшырылған "жер-әуе" зымыраны атып түсіргенін мәлімдеген еді. Киев билігі де апатқа жасақшыларды кінәлі деп айыптады.

Өз кезегінде Донецкі халықтық республикасының өкілі жасақшылар қолында 10 мың метер биіктіктегі ұшақты атып түсіретін қондырғының жоқ екенін айтты. ДХР өкілінің пайымдауынша, малайзиялық ұшақты Укнаина әскерлері қателесіп атқан.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі ресейлік "Бук" комплексінің және өзге де ресейлік әскери қондырғылардың Украина шекарасынан өтпегенін мәлімдеген болатын. РИА Новости ақпарат құралына берген сұхбатында ол "мұндай әрекетті жасырын түрде жүзеге асыру мүмкін емес" деп атап өткен еді.

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/world_news/aksh-Boeing-apatyina-separatister-knal-ekenne-dalel-taptyi-255498/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 

Сұхбат

PhotoRoom