Жеңіс Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды

Жаңалықтар
10.09.2016, 20:24

zudpbvubҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің қаулысымен инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды .

«Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №1071 қаулысына «Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын» деген өзгеріс енгізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін инвестициялық ом­будсмен Әсет Исе­ке­шев болып келген.

Жеңіс Қасымбек 2014 жылдан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды. Ж.М.Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін бітірді. Ж.Қасымбек әр жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 2014 жылы наурызда ҚР Инвестициялар және даму вице- министрі, 2016 жылдың маусымында  ҚР Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалған.

Сұхбат

PhotoRoom