Украина дағдарысы 230 мыңнан аса адамды босытып жіберген

Жаңалықтар
25.07.2014, 16:35

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша,  Украинадағы шиеленіске орай 230 мыңға тарта адам босқын атанып отыр, деп хабарлайды Reuters.

«Жалпы 230 мыңнан астам адам Украинадағы жанжалға байланысты үйлерін тастап кеткен», - деп атап өтті БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы Дэн Макнортон.

Оның сөзіне қарағанда, қақтығыстар орын алып жатқан өңірлерден, Украинаның өзге аймақтарына қоныстанғандардың саны 100 мыңға таяу. Сондай-ақ 130 мыңға жуық адам Ресей шекарасын асып кеткен.

Сұхбат

PhotoRoom