Арандатып жүрген кімдер?

Сараптама
25.07.2014, 17:30

 

Әлеуметтік желілердің белгілі бір дәрежеде күш алып, қоғамдық пікір қалыптастыратын жағдайға жеткенін мойындап та жүрміз. Кейінгі кезде саясатта, мемлекетттік қызметте жүрген азаматтардың атынан жалған аккаунттар ашу жиілеп кетті. Егер өнер адамдарының атынан ашылып жатса, таң қалмаймыз. Себебі олардың мыңдаған жанкүйерлерінің кумирлеріне деген іңкәрлігінен туған әрекет деп қабылдап келдік.

Ал, саясат өте нәзік дүние. Шалыс бассаң біттің. Осындай жерде жүрген ел ағаларының атынан аккаунт ашып алғандарының ойлағаны не? Арандатушылық жатыр деуге әбден негіз бар. Жақында ғана Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалғаннан кейін белгілі журналист Берік Уәли Фейсбуктегі өзінің жеке парақшасына былай деп жазды:

«Құрметтi достар, менiң аккаунтым өзгерген жоқ. Әлеуметтiк желiде менiң аты-жөнiмдi пайдаланып түсініксіз мақсаттармен түрлі парақшалар ашылып жатыр. Мысалы мынандай аккаунт сарсенбі күні ашылыпты. Мұны өзiм жаңа көрiп таң қалып отырмын. Осы уақытқа дейiн жариялаған ОҚО туралы посттарымды ақпарат көзі ретінде пайдаланып та жүрдіңіздер. Сондықтан мына сияқты менiң атымнан ашылған парақшаларға алданып қалмаңыздар деп ескерткiм келедi».

Міне, бұл жалған аккаунт:

10403363_529544917168945_6103815875507696035_n

Б. Уәлидің ол «парақшасын» қарасақ, ылғи мемлекеттік саясатқа қарсы дүниелер жарияланып, оппозициялық интернет басылымдардың сілтемесімен сіресіп тұр екен. Мемлекеттік қызметкерді, мемлекеттік саясатқа қарсы қоюды көздеушілер бар. Демек, бұл – арандатушылық.

8be4563239e4bab0a844dc34a597a94d

Сол сияқты кеше белгілі саясаткер Әміржан Қосанов та өзінің «клонын» тапқанын хабарлады. Оның айтуынша, «В Контакте» әлеуметтік желісінде тағы бір Әміржан Қосанов пайда болған. Саясаткер өзінің шынайы парақшасының бар екенін айтып, оқырмандарына оны Фейсбукте ұсынды.

Бұл біз білетіндер. Білмейтіндеріміз қаншама?! Арандап қалғандар аз болмауы да мүмкін.

Сұхбат

PhotoRoom