Индустрияландыру бағдарламасы аясында 170 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Жаңалықтар
27.09.2016, 20:19

zudpbvubБұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Онда министр 2016 жылдың  8 айында Инвестициялар және даму министрлігінің атқарылған жұмыс қортындысымен таныстырды. Сонымен қатар, индустриалды бағдарламаларды жүзеге асыру, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мен инвестициялық тартымдылығын нығайту бойынша алдағы міндеттерге де тоқталды.

Мемлекет басшысы осы жылғы 9 қыркүйекте өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында жаңа Үкіметтің алдына бірқатар міндеттер қойған болатын. Сол міндеттердің ішінде индуситрияландырудың жаңа кезеңі есебінен елдің экспорттық әлеуетін әртараптандыру мәселесіне және Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударған еді. Бұл бағыттарды тиімді жүзеге асыруда министрліктің қызметіне басымдық беріледі.

Министрдің айтуынша, индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асырудың арқасында өңдеу секторында 26 жаңа кәсіпорын құрылды. Қазақстанда бұрын шығарылмаған 500-ден астам жаңа өнім түрі өндірілді. Олардың қатарында жүк және жолаушы вагондары, электровоздар, жүк және жеңіл автокөліктер мен автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратурасы, дәрілік заттар және тағы басқа да өнімдер бар. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

«Жүйелі индустриалды саясатты жүзеге асырудың нәтижесінде өңдеу секторы тұрақтанып, өсім көрсетіп келеді», - деді министр.

 

Сұхбат

PhotoRoom