АҚШ Конгресіне сайлау науқаны жақындаған сайын телеарналарға берілетін саяси жарнамалар саны артып келеді. Осы уақытқа дейін 2 млрд доллар тек қана саяси тапсырыстар үшін төленген деп жазды "Нью-Йорк Таймс" .
2010 жылы ғана көрсеткіш бұдан әлдеқайда аз болған. Кейінгі кезде саяси мүддеге салынатын ақшаның ұлғайып келе жатқанын анық көрсетіп отыр.
Басылым жазған тағы бір ақпаратқа сенсек, Сенатта бұдан былай республикашылдардың саны артатын көрінеді. Арнайы зерттеу үшін жүргізілген сауалнама нәтижесі осыған саяды. Әлемдік сарапшылардың айтуынша, АҚШ соңғы жылдары геоясаяси, ақпараттық соғыста өз позициясын әлсіретіп алды. Әрине Обама әкімшілігінің кемшілігі - демократтардың әлсіздігі дейді. Сондықтан АҚШ-та болатын алдағы сайлаулар нағыз күреске толы болмақ.