Қытайда христиандыққа қарсы науқан басталды деп жазады, «Нью-Йорк Таймс». Бүгін Қытай билігі үлкен екі шіркеуді сүру туралы шешім қабылдады.
Уэнчжоу қаласының басшылығы қазір қоғамдық тәртіпті күшейтті. Себебі, бұған дейін Чжецзянь қаласында полицейлер мен жергілікті христиандар арасында кикілжің туындаған болатын. Шіркеуді сүру туралы шешім шығарушылардың айтуынша, мінажат ету орталықтарының орналасқан жері заңсыз. 3 метрден асатын айқышты алу жұмыстары екі сағаттан аса уақытты алған.